$ 494.87  520.65  4.91

3 жасар қыз мерт болды: Ақтөбеде анасы мен баласын көлік қағып кетті

Анасының жағдайы ауыр. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Оқиға Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында болды. Әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оңтүстік айналма жолда болған жол-көлік апатынан соң сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі жаяу жүргіншіні, анасы мен баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 жасар қыз қайтыс болып, әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Ақтөбе қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ануар Ибраев. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылы туған қыз аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, арада 35 минут өткенде көз жұмды. 

Оның 1992 жылы туған анасы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Жарақаты көп, жағдайы ауыр, - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, тамызда Ақтөбеде бір отбасының 5 мүшесі жол-көлік апаты кезінде көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары