$ 494.87  520.65  4.91

Анамның бір табақ ұн үшін біреудің үйін тазалағанын көріп өстім – Елдос Сметов (ВИДЕО)

Есімде қалғаннан кейін қазір жұлдыз ауруына жол бере алмаймын.

Бұл туралы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов "Түнгі студия" бағдарламасында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мұны еш жерде айтпағанмын. Жұлдыз ауруымен ауырып қалмайсың ба?" деп жатқандар бар. Кейбіреулер көтере алмай қалады деген сияқты. 1998-1999 жылдары қиын кездер болды. Бала кезде темір өткізіп, нан алған кез болды. Ата-анамның біз үшін қалай еңбек етіп жатқанын көрдім. Есімде қалғаннан кейін қазір жұлдыз ауруына жол бере алмаймын. Ауылда тұрдық, әкем қалаға кетіп, құрылыста жұмыс істеді. Анам үйде отырды. Бір табақ ұн үшін біреудің үйін тазалаған сәттері болды. Біреудің үйін тазалап жатқанын көзіммен көріп өстім", – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары