Марат ақшаны жексенбі күні сұрайтын. Сома 2-3 мың теңгеден аспайтын. Бірақ кейінгі кездері жиі хабарласып, ақша сұраған.
Ақтаудағы «Оймаша» полигонынында бетінен оқ тиіп, қаза тапқан сарбаз Марат Барқұлов қайтыс болар алдында жақындары мен достарынан ақша сұраған екен. Аталған жайтты марқұмның анасы Әсия Барқұлова айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер Дамир Көшеевтің Instagram парақшасында сарбаздың анасы, әкесі және достары түскен видео жарияланды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Біздің әскерге жау керек емес, өз-өзін қырып тастайды»: Журналист қазақ әскеріндегі сұмдықты айтты
Мараттың анасы ұлынан Шығыс Қазақстанда қызмет етуді сұрағанын айтты. Дегенмен ол өз таңдау жасағанын айтып, анасынан алаңдамауын өтінген.
«Үнемі бәрі жақсы деп айтатын. Көп ақша сұрамайтын, әрі кетсе екі мың теңге. 5 қыркүйекте ол қандай да бір себептермен ақша сұраған. Екі сағаттың ішінде бәріне қоңырау шалыпты. Әкесі мен әпкесіне хабарласқан. Ал маған хабарласпады», – деді Әсия Барқұлова.
Әкесінің айтуынша, Марат ақшаны жексенбі күні сұрайтын. Сома 2-3 мың теңгеден аспайтын. Бірақ кейінгі кездері жиі хабарласып, ақша сұраған.
«Маған қоңырау шалып, ақша сұрады. Неге деп сұрадым. 2-3 күн қатарынан телефон соғып, ақша сұраған кезі болды. 2-3 мың теңге сұрайтын. 4-5 қыркүйек күндері сөйлескенбіз. Сол кезде ол дауыс ұлғайтқыш алу үшін ақша жинап жатқандарын айтты. Одан қазан айына дейін күте тұруын сұрадым. Өзім барып, жақсы дауыс ұлғайтқыш алып беретінімді айттым. Ол бірнеше күн қатарынан ақша алды. Мүмкін офицерлердің бірі нашақор шығар», – деді әкесі.
Қазақстан «Батыс» әскерлерінің қолбасшысы Бауыржан Артықов қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, армияның толық қамтамасыз етілгенін айтты. Ал әскери қызметкерлер арасында бопсалаудың алдын алу мақсатында командирлермен ата-аналар арасында ортақ чат ашылды дейді.
«Өкінішке қарай, қайғылы оқиға болды. Сондықтан мен әскер командирі ретінде ата-анадан, туған-туыстары мен жақындарынан кешірім сұраймын. Бүгін біз оны соңғы сапарға шығарып салдық», – деді Артықов.
Айта кетейік, 10 қыркүйекте бетінен оқ жарақатын алған сарбаз Марат Барқұловты туған-туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Жерлеу оның туған ауылы Самарскоеде өтті.