$ 484.11  528.79  5.03

Мектептерде ақша жинағандарға айыппұл салынады

Қырғыз Президентінің жарлығымен салынған тыйымға қарамастан, мектептерде әлі күнге заңсыз ақша жинау әрекеті жалғасып келеді.

Фото: canva.com
Фото: canva.com

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары елдегі «Білім туралы заңға», «Құқық бұзушылық туралы кодекске» мектепте заңсыз ақша жинағаны үшін айыппұл салуды көздейтін түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Заң жобасының бастамашысы кенеш депутаты Миргүл Темірбаеваның айтуынша, Қырғыз Президентінің жарлығымен салынған тыйымға қарамастан, мектептерде әлі күнге заңсыз ақша жинау әрекеті жалғасып келеді.

Ақшаны заңсыз өндіру фактілері анықталған жағдайда «Құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес жеке тұлғаларға 200 есептік көрсеткіш (20 мың сом немесе 113 мың теңгеден аса) айыппұл салынады.

Егер мектептерде мемлекеттік қор құру арқылы заң бұзылса, онда жеке тұлғаларға 400 есептік көрсеткіш (40 мың сом немесе 227 мың теңгеден аса) және заңды тұлғалар үшін 600 есептік көрсеткіш (60 мың сом немесе 340 мыңнан астам теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұдан өзге, қырғыз депутаттары тарапынан елде бетті жауып жүретін киім киюге айыппұл салу ұсынылып отыр. Қоғамдық орында азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтіндей бетін жауып тұратын киім киіп, қауғадай сақал қойған азаматтарға келешекте заң бойынша айыппұл салынуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары