Істі әскери тергеу органы тергеп жатыр.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы әскери институттан 44 жастағы сержанттың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. ІІМ ақпаратты растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ІІМ.