Қазір оқиға бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғаған.
Есік қаласында екі қызды жолдан өтіп бара жатқан жерінен жедел жәрдем көлігі қағып кетті, деп Skifnews.kz ақпарат порталы жергілікті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға туралы ақпарат бұған дейін Telegram-дағы Almaty News арнасында жарияланған. Мұнда Есік қаласында жедел жәрдем көлігі екі студент қызды қағып кеткені айтылады. Қазір оқиға бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«12 қыркүйек күні Есік қаласындағы Алтын адам аллеясында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, екі қыз да амбулаторлық емделуге жіберілді», – деді жауаптылар.
Қазір көлік арнайы тұраққа қойылған.