$ 478.96  533.03  5.22

Балалардың жағдайы ауыр: Ақтау маңында жол апаты болды (ВИДЕО)

Үлкеніне ота жасалған. 

Ақтау маңында болған жол апатынан екі бала зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының өкілдері айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Lada.kz басылымының дерегінше, жол апаты 13 қыркүйек кешкі уақытта болған. Жедел жәрдемге қоңырау 21.07-де түскен. Жол апатынан 2008 және 2022 жылы туған екі бала (қыз) зардап шеккен. Олар ауыр халде Ақтау қаласындағы өңірлік балалар ауруханасына жеткізілді. Олар жан сақтау бөлімінде жатыр. Қыздардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Үлкеніне ота жасалған. Дәрігерлер әлі нақты мәлімет берген жоқ. Ал облыстық полиция департаменті өкілдері көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Тергеу жүргізіліп жатыр, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары