$ 478.96  533.03  5.22

Еленбей қалмасын: Кәсіпкерлер Олимпиада жүлдегерлеріне тағы қымбат автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

Ол Парижде төрешілердің қысымына ұшырады. 

Фото: https://t.me/kozachkow
Фото: https://t.me/kozachkow

Париж Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшыларға Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау бастаған кәсіпкерлер қымбат көлік мінгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, Елдос Сметовке жол талғамайтын Mercedes-Benz GLE автокөлігі берілсе, ағайынды Нұрбек пен Айбектің әрқайсысына Toyota Pradо мінгізген. Ал, Назым Қызайбайға Mini Cooper автокөлігі сыйға тартылған. Бұл туралы Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

«Бұл спортшылар Қазақстанға медальдың барлық түрін тарту етті. Назым Қызайбай мен Нұрбек Оралбайға Елдостың жолын берсін. Айбек те еленбей қалмасын деп отырмыз. Ол Парижде төрешілердің қысымына ұшырады. Ағалары осылай елеп жатыр», – деді Сырымбек Тау.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары