Талибанның "Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі" өзінің жаңа заңы арқылы әйелдерге қатысты шектеулерді күшейтті.
Талибан билігі әйелдерге енді сатушылармен саудаласуға тыйым салды. Олардың пікірінше, әйелдер сөйлеспей, саудаласпай сауда жасауға міндетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Hasht e Subh Daily мәліметінше, Талибанның "Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі" өзінің жаңа заңы арқылы әйелдерге қатысты шектеулерді күшейтті.
Талибандықтар әйелдер сатушылармен саудаласқан кезде олардың дауысын бейтаныс ер адамдар еститінін және бұл "еркектерді азғыратынын" алға тартты.
Ал кейбір провинциялардағы "Талибанның" моральдық полициясы ер адамдарға әйелдеріне қатысты тиісті бұйрықтар шығарғаны хабарланған.