$ 494.87  520.65  4.91

Ұлы туған анасын өлтірді: Жамбыл облысында адам шошырлық қылмыс тіркелді

Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында адам шошырлық қылмыс тіркелді. Ұлы туған анасын өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Бұл туралы Облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті - жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары