$ 494.87  520.65  4.91

«Қабырғасы сынып, миы шайқалған»: Қазақстандық футболшы алаяқтық әрекеті үшін сотталды

Футболшы мерзімін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Фото: kazfootball.kz
Фото: kazfootball.kz

"Семей-2", "Ақжайық" клубында ойнаған қазақстандық футболшы алаяқтық және денсаулыққа зиян келтіру баптары бойынша сотталды. Деректерге сүйенсек, ол таныстарынан ірі көлемде несиеге ақша алғызып, кейін қайтармай алдап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Мой город” порталының дерегінше, Семей қаласының № 2 сотында 36 жастағы экс-футболшы Азат Ерғалимовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған қылмыстық кодекстің екі бабы (“алаяқтық” және “орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру”) бойынша айып тағылды.

Ерғалимов футболдағы мансабын 2005 жылы "Семей-2"клубының құрамында бастаған. Кейін әр жылдары еліміздің түрлі клубтарында, соның ішінде Оралдың "Ақжайық" клубында ойнаған. Ол клуб құрамында 2017-2018 жылдарда болған.

Іс материалдарынан оның 2022 жылдан 2023 жылға дейін туыстарынан, достарынан және таныстарынан түрлі сылтаулармен қарыз алғаны белгілі болды. Жәбірленушілердің жалпы шығыны 60 миллион теңгеге жеткен. Қылмыстық іс 32 эпизодтан тұрды. Сонымен қатар көптеген адамдар Ерғалимов үшін несие алып, қарызға батуға мәжбүр болған. Мысалы, жәбірленушілердің бірі Ерғалимовқа үш рет 4 миллион теңгеге жуық несие алып берген. Алғаш рет футболшы қаржылық мәселерім бар деген сылтауымен ақша сұраған. Екіншісінде Алматыда бизнес ашу үшін, үшіншісінде кейбір жағдайларды шешу үшін сұраған. Ал жәбірленуші оның өтінішінен бас тарта алмай, әртүрлі банктерден несиеге ақша алған. Істе ондаған жәбірленушілердің аты-жөні көрсетілді.

Сондай-ақ іс материалдарында Азат Ерғалимовтың қарызын сұрап келген танысын ұрып жарақат салғаны туралы да айтылған. Дәрігерлер қойған сараптама бойынша жәбірленушінің қабырғасы сынып, миы шайқалған.

Ерғалимовтың өзі барлық айыптар бойынша кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен Азат Ерғалимов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Футболшы мерзімін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Деректерге сүйенсек, спортшының бұл әрекеті оның лудомания ауруына байланысты болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары