$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында шөп ору кезінде жұмысшы қаза тапты

Полиция қылмыстық іс қозғады, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысында шаруа қожалығының жұмысшысы шөп жинайтын ауылшаруашылық машинасының астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазатайым оқиға Астрахан ауданында шөп шабу жұмыстары кезінде болған.

Полиция қылмыстық іс қозғады, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы да тексеру бастады.

"Алдын ала тергеу барысында шөп ору жұмыстары кезінде қаза тапқан адам шөп орайтын пресс-жинағыштың астына түсіп, оқиға орнында қаза тапқаны анықталды", - деді аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Әлия Билялова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары