$ 478.96  533.03  5.22

Мәжіліс депутаты: Жедел жәрдем кешігіп жетіп, әкемнен айырылып қалдым

Жәдел жәрдем 30 минутта келді. Ереже бойынша пациеттің жағдайы 2-ші жеделдік санатта болғандықтан 15 минутта жетуі тиіс еді.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков Парламент қабырғасында медициналық көмек көрсету қызметін сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ауыл-аймақты былай қойғанда, ірі қалаларда да жедел жәрдем қызметі белгіленген уақыттан кешігіп жететінін айтады.

Сондықтан депутат әлем елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, медициналық көмек көрсету ережесін қайта қарауды ұсынды, деп жазады qazaqstan.tv.

«Мәселен, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Аустрия, Ирландияда бұл қызметтің "шұғыл" және "өте шұғыл" деген екі бөлімі жұмыс істейді. Жәдел жәрдем 30 минутта келді. Ереже бойынша пациеттің жағдайы 2-ші жеделдік санатта болғандықтан 15 минутта жетуі тиіс еді. Бірақ кешіккеннен кейін тиісті жәрдемін көрсете алмай, әкемізден айырылып қалдық. Ереженің осы нормалары көп жағдайда сақтала бермейді. Кейде жедел жәрдем 1 сағаттан аса уақытта жетеді. Мұны қалай жедел жәрдем деп атауға болады?", – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары