Басқа зардап шеккен адам жоқ.
Кеше, 18 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды. Оқиға орнына жоғары дәрежемен облыстық ТЖД күштері мен құралдары дереу барған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шақырту орнына келген құтқарушылар жарылыстан кейін үйдің шатыры құлап, қабырғалары қирағаны анықтады. Сондай-ақ, үйінділер арасынан 1957 жылғы азаматтың денесі табылды. Тұрғын үйдің өзге тұрғындар зардап шеккен жоқ.
— Алматы облысының ТЖД азаматтарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.