Демеу Жадыраев грек-рим күресінен 77 келі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев алдағы спорттық мансабына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Балуанның айтуынша, ол әлі нақты шешім қабылдамаған.
«Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім.
Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын.
Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық мансабыма қатысты шешім қабылдамадым», - деді Демеу.
Еске салсақ, Демеу Жадыраев грек-рим күресінен 77 келі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.