$ 479.23  534.96  5.16

Назым Қызайбай сұлулық байқауында әділқазы болмақ

ҚР бокс федерациясының мәліметінше, Назым Қызайбай Қарағандыға келіп, «Мықтылар турнирінің» қатысушыларына кеңес беруде.

Фото: akwatoria.ru
Фото: akwatoria.ru

Бүгін, 27 қыркүйекте Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қарағанды облысының орталығында сұлулық байқауына қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қарағанды аруы» байқауының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған боксшы Назым Қызайбай бұл шарада қалалық байқаудың қазылар алқасы құрамында болады.

 Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Назым Қызайбай Қарағандыға келіп, «Мықтылар турнирінің» қатысушыларына кеңес беруде. Ал бұл турнирге Назым Қызайбайдың қатыспайтыны туралы бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары