$ 479.23  534.96  5.16

«Бриллиант сақинамды шешіп бердім»: Мақпал Жүнісоваға кішкентай тыңдарманы әшекей сыйлады (ВИДЕО)

Әншінің кішкентай тыңдарманы көпті сүйсіндірді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Мақпал Жүнісованың кезекті концерттерінің бірінде ерекше оқиға болды. Залда отырған тыңдармандар арасынан кішкентай қыз сахнаға көтеріліп, өнер иесіне зергерлік бұйым сыйлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күтпеген сыйға бөленген әнші де қарап қалмады. Ол саусағына таққан сақинасын шешіп, кішкентай тыңдарманына тарту етті.

«Маған сахнада күтпеген жерден періште қыз тұмарша сыйға тартты. Риза болғаным соншалық анаң тағып жүрсін деп бриллиант сақинамды шын жүректен саусағымнан шешіп бердім. Аман болайық!», - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары