$ 479.23  534.96  5.16

Жанармай құю бекеті жарылып, он адам көз жұмды

Апат салдарынан 21 адам жарақат алған, оның ішінде 10 адам көз жұмды.

Фото: Ресей ТЖМ
Фото: Ресей ТЖМ

Дағыстанда жанармай құю бекеті жарылып, он адам ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыс орнында қалдықтарды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған. 

"Жанармай құю бекетінің ғимараты қирап қалды. Техникалық станция мен ас үй өртеніп жатыр. Екі жеңіл көлік пен жүк көлігіне зақым келді", - делінген Дағыстан төтенше жағдайлар министрлігі. 

Апат салдарынан 21 адам жарақат алған, оның ішінде 10 адам көз жұмды. Құрбандар арасында 2 бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары