$ 488.26  530.54  5.03

«Нағыз ер азамат өсіп келеді»: Анасының биік өкшелі аяқкиімін киген бала желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Желіде тараған видео 2,5 миллионға жуық қаралым жинаған.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Анасымен аяқкиім ауысып, биік өкшелі аяқкиімін киген баланың әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Желіде тараған видео 2,5 миллионға жуық қаралым жинаған.

"Егер адам саған қамқор болғысы келсе, өзгелер не айтады деп ойламайды да. Анасы мен ұлының арасындағы керемет көрініс", – делінген видеода. 

Видео астына пікір қалдырған оқырмандар балаға жылы лебіздерін білдірді.

"Бүгін көрген ең тамаша видео", "Нағыз ер азамат өсіп келеді", Кезінде мамамның аяғы қажап, жаны шығып кеткенде, әкем өз аяқ киімін берген еді. Өзі анамның биік өкшесін 3 саусағына іліп алған. Бұл – қамқорлық, бұл – махаббат", "Жылап жібердім", "Болашақта жақсы жар, жақсы әке болары сөзсіз", – деп жазды желі қолданушылары. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары