$ 479.23  534.96  5.16

Ақтөбеде көпқабатты үйден 45 адам эвакуацияланды

Тоғыз қабатты тұрғын үйде тамақтың бақылаусыз қалуынан бірінші қабаттағы пәтерде түтін пайда болған.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ақтөбе газ құрылғысында қараусыз қалдырылған тамақтың салдарынан 45 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ақтөбе қаласының Алматы ауданында болған. Тоғыз қабатты тұрғын үйде тамақтың бақылаусыз қалуынан бірінші қабаттағы пәтерде түтін пайда болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 45 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Түтін сейілді, зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды, -делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары