$ 495.2  522.34  4.94

«Имамдар «қоңыз теріп кетті»: Түркістанның бас имамы даулы мәселеге нүкте қойды

Кейбір дін қызметкерлері білместікпен каспи голд арқылы газет-журнал ақшасын маған аударған екен.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Бұған дейін әлеуметтік желіде журналист Ораз Әлімбековтің «Мүфтият молдалардың «қанын теспей сорып» отыр», «Түркістандық қарапайым имамдар «қоңыз теріп» қиналып кетті» деген жазбасы тараған. Журналист жазбасында «Түркістан облысының имамдарын «өңірге Бас мүфти Наурызбай Өтпенов келген сайын облыстың бас имамы Ержан Төлепов ақша жинап, әбден мезі қылғаны» туралы жазған. Енді Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов мәселе қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Мүфтият молдалардың «қанын теспей сорып» отыр»: Имамдар Бас мүфтидің жүріп-тұруы үшін ақша жинай ма?

Оның айтуынша, бұл – жалған ақпарат.

«Автор жазбасында Бас мүфтидің Түркістан облысына келген сапарына орай өңір имамдарынан ақша жинау әрекеті болғанын жазыпты. Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз және оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Осы ретте айта кетер жайт: имамдар тиімді бағамен мешіт арқылы газет-журналға жазылады. Кейбір дін қызметкерлері білместікпен каспи голд арқылы газет-журнал ақшасын маған аударған екен. Болған жағдайға байланысты арнайы жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.

Осы жағдайды негіз еткен жазба авторы оқырмандардың көкейіне күмәнді ойлар салып, шындыққа жанаспайтын ақпараттарды таратыпты. Автордың шектен шыққан ісін өзінің ары мен ұятына қалдырамыз. Ал оқырмандарды тек расталған ақпарат көздерінен мәлімет алуға шақырамыз», – деді Ержан Төлепов Massaget.kz сұрағына берген жауабында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 7
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары