$ 495.2  522.34  4.94

«Мектептің өзін харам ақшаға салып, адал ұрпақ өсірем деп қиялдаймыз»: Балғынбек Имаш АЭС салуға қатысты ойын айтты

Біздің қожайынымыз, бізді әлі босатқысы жоқ!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш АЭС салуға қарсылығын білдіріп, билікке ашуланды. Айтыс әлемінің өкілінің сөзінше, АЭС салынуы шешіліп қойған мәселе көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Бірден айтайын, мен маман емеспін. Референдум деп таңдау жасауға мүмкіндік берген соң ақын ретінде емес, осы елдің азаматы ретінде өз сөзімді айтам. Ештеңе өзгермесе де салынуы шешіліп қойған мәселе. Бұл мәселені “Ресейдің (орыстың емес) – бағы, Қазақтың (Қазақстанның емес) – соры” деп білем. Неге соры? Біріншіден, өйткені, бізде таңдау еркі жоқ! Бізге оны тек Ресей салады. Дамыған жапондар емес, тәжірибелі француздар емес, сапасүйер немістер емес. Ақ Патшаның (әлемге жексұрын Пұт-иннің) әлі де боданындамыз. Біздің қожайынымыз, бізді әлі босатқысы жоқ! Жоқ, біз тәуелсізбіз десеңіздер, Кедендік одақтан, ОДКБ-дан шығып көрейік. Жәй бір шығып, таза ауа жұтып, қайта кіреміз десек те шыға алмаймыз”, – деп жазды айтыскер ақын. 

Сонымен қатар ақын елде мамандардың тапшы екенін де жасырмады. 

“Бізде білікті маман жоқ! Бар болса да мемлекетке олар керек емес, олардың пікірі де, білімі де керек емес. Өйткені, билік істі өз мамандарына емес, “өз адамдарына” басқартады. Бізде АЭС салу, оны меңгеру, жүргізу түгілі мемлекетті басқаратын кадрлар тапшы. Бізде идеология да, идеолог та жоқ. “Ұлттық Құрылтай” дегенді ойлап тауып, ойына келгендерді мүше қылды. Білікті маман шығаратын есі дұрыс оқу орны да жоқ қой, білім саласындағы жағдай сын көтермейді”, – деп ашуланды айтыс өкілі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары