$ 448.15  483.46  4.86

Қарасай ауданындағы кірпіш зауытынан Қытайдан келген 15 қазақ құлдықтан босатылды

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Ауыр еңбекке жегілгендігі туралы құлдықтан қашып кеткен азамат хабарлаған, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Жедел ақпаратты тексере келе, полиция қызметкерлері кірпіш зауытынан Қытайдың ШҰАӨ-нен келген 20-25 жас аралығындағы 14 азаматты босатты.

Жапа шегушілердің айтуынша, кәсіпорын иелері оларға сәуір айында мардымсыз төлем төлеген. Одан кейін олар ақша көрмегендігін айтады.

Тергеу барысында ҚР Еңбек туралы заңының өрескел бұзылғандығы анықталды. Жұмысшылар мардымсыз ас-ауқат ішіп, ауыр әрі антисанитариялық жағдайда еңбек еткен.

Қазір күдікті ретінде ұсталған зауыт директоры мен оның үш көмекшісінен жауап алынуда. Оларға қатысты ҚР ҚК 126-шы бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары