Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, жағдайлары жақсы.
Шымкентте салмағы 6 килограмнан асатын алып сәби дүние есігін ашты. Оған Тәуекел деген есім берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шымкент тұрғыны Альмира Жандарбекова 3 қазанда №2 қалалық аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен.
Ақ халаттылар Альмираны табиғи жолмен босандырып алған. 4 қазанда сағат 13:50-де салмағы 6 кг 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келді. Бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі. Алып сәбиге туыстары Тәуекел деген есім берген.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, жағдайлары жақсы.