$ 498.34  519.72  4.85

Шығыс Қазақстанда риэлторлар тұрғындардың пәтерлерін өз аттарына аударып алған

ШҚО Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алаяқтар тобын құрықтады.

Фото: ШҚО ПД
Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында 4 алаяқ өздерін риэлтор ретінде таныстырып, халықты 60 млн теңге шығынға батырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Анықталғандай, олар өздерін риэлтор және нотариус ретінде таныстырып, ішімдікке бейім шығысқазақстандықтардың бірнеше пәтерін өз аттарына аударып алған. Күдіктілердің пәтерлерін тінту барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілеріне құжаттар, жеке тұлғалардың дербес деректерін және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіледі», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын мөлшері 60 млн теңгеден асады.

«Полицияға төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары