$ 490.84  536.88  5.04

«Қазақ әнін көкке көтерген еді»: Белгілі сазгер Ибрагим Дәрібаев дүние салды

Нағыз аңыз адам.

Фото: www.facebook.com
Фото: www.facebook.com

90-жылдардың басында қазақ халқына кеңінен танылған Дәрібаевтар отбасының негізін қалаушы, сазгер Ибрагим Дәрібаев дүние салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді. 

“Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым! Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз”, – деп жазды Facebook парақшасына.

Желі қолданушылары отбасы мүшелерінің қайғысына ортақ екенін жарыса жазып жатыр. 

“Қазақ әнін көкке көтерген еді”, “Шын жақсы адам болатын”, “Иманды болсын!”, “Алла тағала рақымына бөлесін!”, “Нағыз аңыз адам”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары