Бақыт Реймова істің бұрмаланып кетпегенін қалайтынын айтты.
16 жастағы Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реймова құзырлы органдарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Менің бауырым бұзақылардың қолынан қыршыннан қиылып отыр. Айуандықпен өлтірді. Інім анасының қолында марқұм болып кетті. Қасым-Жомарт Кемелұлы, Ержан Сәденов (Ішкі істер министрі), Бауыржан Әленов (ІІМ орынбасары), Берік Асыловтан (Бас прокурор) іске араласып, қолға алса деп өтініп сұраймын. Менің інім мен үшін, біз үшін батыр. Себебі ағасы мен інісін қорғаймын деп жан тапсырды.
Іске қатысты тағы екі қыз бар, олар бостандықта жүр. Талғарда қаралған іс Қонаевқа ауысты. Ол қыздарды көрдік, екеуі көлікке мініп, кетіп қалды. Бостандықта тайраңдап жүргенін қаламаймыз", – дейді Бақыт Реймова.
Бақыт Реймова істің бұрмаланып кетпегенін қалайтынын айтты.
"Қазір 7 адам ғана ұсталды. Қалған қылмыскерлердің де ұсталуын талап етеміз. Жалпы, екі қызды қосқанда 13 адам болған", – дейді Бақыт Реймова.