$ 495.2  522.34  4.94

Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге табысталды

Спортшыларымыз марапатталды.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінде XVII жазғы Паралимипиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кәмиля Досмалова – пара таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновты ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсеткендерін атап өтіп, табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмалова мен оның жаттықтырушысына Премьер-Министр Олжас Бектеновтың атынан алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ, ол Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификатты тапсырды. Сонымен қатар, спортшыға қызметтік баспана берілді.

Бізге қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға, сондай-ақ, Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады, – деді Кәмиля Досмалова.

Өткен Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық тоғыз медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола бар.

Жалпы, 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын спорттың 9 түрінен 44 спортшы қорғады, бұл рекордтық көрсеткіш болды.

Қазақстан құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары