$ 488.11  530.09  5.01

Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлі ауруханада жатыр

Бір кісілер Әнару Құрманәлінің ісі не болды, жабылып қалмады ма, жазбай қойды, деп жатыр екен. Жанқош Тұраровқа қатысты іс аяқталған жоқ. Тергеуде.

Фото: nege.kz
Фото: nege.kz

Бұған дейін Әнару Құрманәлі танымал боксшы Жанқош Тұраровтан зорлық көргені туралы мәлімдеме жасаған. Енді жәбірленуші қыздың адвокаты Ләззат Ахатова оның әкесі, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің ауруханаға түсіп қалғанын мәлімдеді. Оның жазуынша, композитордың жүрек талмасы ұстаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бір кісілер Әнару Құрманәлінің ісі не болды, жабылып қалмады ма, жазбай қойды, деп жатыр екен. Жанқош Тұраровқа қатысты іс аяқталған жоқ. Тергеуде. Дәл қазір әріптестермен бірге шағым жазып жатырмыз. Сараптама қорытындысы шықты. Енді боксерды қамауға алудың орнына тергеудің басшысы тағы басқа ауданға ауысып кетіпті. Ал жаңадан тағайындалған тергеуші отпускіге кетеді-мыс. Істі қалайда сотқа жеткіземіз. «Каждый по себе судит» деген. Диванда жатқандарға бәрі оңай шығар.

Қыздың әкесі Қалдыбек аға жүрегінен приступ беріп, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргем, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымда емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас Прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек. Тағы не айтайын, Сіздерге?    

Талғардағы 16 жасар баланың ісіне қабаттастырмайық деп, ештеңе жазбай отырғам. Ол істің қасында бұл іс оншалықты маңызды емес шығар, қыршын жастың өлімімен жағаластырмайын деп. Әдемау құрбым белгілеген соң, посттарыңызға жауап жазайын десем, коммент жазатын жерін өшіріп қойыпты. Сосын постпен жауап беруге тура кеп тұр. Іс жабылмайды. Бірақ жел сөз аңдығандар үшін енді жаза бермеймін. Мен үшін бұл іс-кезекті істің бірі. Сот үкімін сайттардан оқырсыздар. Соңына дейін барамыз, айтарым сол», - деп жазды адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары