Президент жылыту маусымында халықты және экономиканы газбен тұрақты қамтамасыз ету, саланы реформалауды жалғастыру, газ тасымалдау жүйесінің қуаттылығын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Санжар Жаркешов президентке ұлттық компанияның биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп берді.
Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және транзиттік әлеуетті дамыту бойынша бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.
«Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші желісін салу, сондай-ақ Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарының газға арналған инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары аяқталғанын айтты. Бұдан бөлек, «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры салына бастады. Өзбекстанға газ тасымалдау көлемін ұлғайту үшін «Орта Азия – Орталық» жүйесін жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ресурстық базаны кеңейту шаралары жөнінде мәлімет берді.
Президент жылыту маусымында халықты және экономиканы газбен тұрақты қамтамасыз ету, саланы реформалауды жалғастыру, газ тасымалдау жүйесінің қуаттылығын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.