$ 487.24  529.34  5.02

«Салыстыруға келмейді»: Аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған екі қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды

Қыздарды сұмдық жағдайда ұстаған аға-жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Түркістан облысына қарасты Шілік ауылында 27 жастағы Құндыз бен 33 жастағы Назгүл есімді қыздарды аға-жеңгесі құлдықта ұстап, жылдар бойы қорлап келген. 17 жыл құлдықта өмір сүрген қыздар бір жылдан кейін жаңа қамқоршыларына табысталды. Алайда қыздарды құлдықта ұстаған аға-жеңгесі жазаға тартылмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең сорақысы, әке-шешеден ерте айырылған қыздарға туған ағасы мал бақтырып, мемлекеттен мүгедектігі үшін ақша алып отырған. Қыздарды сыныптастары көріп қалып, жағдайларына алаңдапты.

Қыздар бір жылдан бері арнайы мамандардың бақылауында болған. Психотерапевт Санжар Тұрсынмбетов қыздардың жағдайы бір жыл бұрынғыдан әлдеқайда жақсы екенін айтты.

“Қыздардың жағдайы жақсы. Салыстыруға келмейді. Өте қиын болды. Маған көмектескен ұжымдар бар. Арттерапия, ипотерапия жасалды. Бір ғана адамның емес, үлкен команданың жұмысы”, –дейді Санжар Тұрсынмбетов.

Құндыз бен Назгүлдің омыртқалары қисайған. Арнайы мамандар аптасына 5 рет спорт жаттығуларын жасап, 4 ай бойы қыздардың бойын түзеді. 

“Қыздардың келген кездегі жағдайы қиын еді. Жастарына сәйкес әрекеттер жасай алмайтын. Қарапайым допты лақтырған кезде ұстай алмайтын. Секіре алмайтын. 4 ай көлемінде жұмыс жасалды. Бұл жерде үлкен жұмыс жасалды. Тіпті су сұрауды, шаршағанын айтуды білмейтін. Қазір ойын жинақтап айтатын нәтижеге жеткіздік”, – дейді дәрігер Бағдат Әметов.

Қыздарды сұмдық жағдайда ұстаған аға-жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты жабылып қалыпты. Заңгерлер іске әлдекімдердің араласқанын алға тартады.

Қазір қыздардың қамқоршысы Зүлфия Толенова. Ол 17 балаға қамқоршылық жасап отырған ана. Екі қызды да өз қамқоршылығына алған. Зүлфия Толенова қыздардың тағдырына ары қарай өзі жауапты екенін алға тартты.

“Үйде қарап отырған 17 бала бар. Бағдарламадан кейін ауылдан қамқоршылық тағайындайтын кезде ғана хабарласты. Ағасы, жеңгесі хабарласпады. Түркістан облысының қамқоршылық ұйымы бір рет келді. Содан кейін келмеді. Менің алдыма қаншама тағдырлар келді. Солардың барлығын қалай бақсам, оларды да солай бағамын. Қыздарды үкіметтің қолына бергім келмейді. Халықтың алдында уәде беремін”, – дейді Зүлфия Толенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары