$ 495.2  522.34  4.94

«Аулақ жүріңдерші»: Жанар Айжанова Шерзаттың өліміне қатысты пікір сұраған блогерге ұрысып тастады (ВИДЕО)

Бастарыңа бермесін! 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әнші Жанар Айжанова Талғадағы жасөспірімнің өліміне қатысты пікір білдіруден бас тартып, халықтың сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер Жан Ахмадиев бір топ өнер өкілдеріне сұрақ қойып, Талғардағы оқиғаға қатысты көзқарасын сұрады. 

“Мен ондайды айтпаймын. Саясатта шаруам жоқ, аулақ жүріңдерші", –деп ашуланды әнші. 

Блогер ел алдында жүрген танымал адамдардың қоғамда болып жатқан оқиғаға араласуы керек екенін ескертті. 

“Әнші болсын, блогер болсын халықтың арқасында күн көріп отырғаннан кейін есеп беруі керек деп ойлаймын. Әншілермен сөйлескіміз келген. Біразы бас тартып, бұл тақырыпты қозғағысы келмейтіндерін айтты", – деді желі жұлдызы. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің қылығын сынап тастады. 

“Біз де әншілерден аулақ жүрейік, концерттеріне бармайық”, “Жанарды халықтың қызы деп ойлаушы едім”, “Шаруам жоқ, аулақ жүр” деді ме, масқара! Қара халықтың арқасында шалқайып жүрген жоқсыңдар ма?! Бастарыңа бермесін! Әйтпесе, сендер ондай сынақты көтере алмайсыңдар”, “Адам өліп отырғанда, шаруам жоқ дегені қалай?!”, – деп жазып жатыр көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 28
Күлкілі 4
Ашулы 15

Серіктес жаңалықтары