$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында 13 жасар қызды екі ағасы 6 жыл бойы зорлап келген

Жәбір көрген қызға қажетті көмектің бәрі көрсетіліп жатыр. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Жамбыл облысында 13 жасар қыз алты жыл бойы екі ағасынан зорлық-зомбылық көргенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы туыс екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жасар қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің бәрі

көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткізілген көшпелі комиссия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданды. Қыз оқыған мектеп – ауылдағы жалғыз мектеп», - деп жазды омбудсмен Фейсбуктегі парақшасында.

Динара Зәкиева қыз бала психолог жинаған сауалнамада сигнал бергенін, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмегенін айтты.

«Лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгіндім», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары