$ 487.24  529.34  5.02

Түркістан облысында 3 тонна шөп өртеніп кетті

Зардап шеккендер жоқ.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы Әйтеке би ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында үш тоннаға жуық шөп пен шаруашылық құрылысы өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өртсөндірушілер жақын маңдағы қосалқы ғимараттарға өрттің таралуына жол бермей, өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары