$ 494.87  520.65  4.91

Журналист Данияр Әділбеков 4,5 жылға сотталды

Сондай-ақ, сот оның сыбайласы Ерлан Саудегеровке қатысты шешім қабылдады.

Фото: Orda.kz
Фото: Orda.kz

Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналист Данияр Әділбековті жалған ақпарат таратқаны үшін, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот "Дикая Орда" анонимді Telegram-арнасының авторы Әділбеков Данияр және оның сыбайласы Ерлан Саудегеровке қатысты шешім қабылдады.

"Сот Әділбеков Даниярға көрінеу жалған сөз жеткізгені, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, азаматтардың құқықтарына елеулі зиян келтіруге себеп болған жалған ақпарат таратқаны үшін 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығын негізге ала отырып, онша ауыр емес жазаны неғұрлым қатаң жазамен алмастырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді. Сот екінші сотталушы Ерлан Саудегеров ақпаратты журналиске бергені үшін пробациялық бақылау орната отырып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – делінген сот шешімінде.

Сот шешімінде Әділбеков пен Саудагеровтің кәмелетке толмаған балалардың болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Алайда, олардың алдын ала сөз байласу арқылы жасаған қылмыстары ауырлататын жағдай ретінде бағаланды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары