Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
«Қазгиромет» РМК синоптиктері 20 қазанда еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, сондай Атырау қаласында тұман болады.
Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың орталығында, солтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ облыс орталығы - Оралда да тұман болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі, облыстың орталығы - Талдықорғанда сынап бағаны түнде 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Еске салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары еліміз бойынша 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялаған.