$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен сәбидің анасы ұсталды.

Фото: Rostov.ru
Фото: Rostov.ru

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен сәбидің анасы ұсталды. Қазір күдікті әйел ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция қылмыстық-процестік кодекске сәйкес қылмыстық іске қатысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары