$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда жол апатынан 2 адам қаза тапты

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, автокөлікте белгілі кәсіпкер Владимир Охватов ағасымен бірге болған.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қараша күні Бәйтерек ауданы аумағында болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бәйтерек ауданы аумағында шамамен сағат 08.00-де Орал-Озинки жолының 95-шақырымында жүргізуші «Тойота Гранвия» автокөлігінің руліне ие бола алмай қалған. Содан автокөлік аударылған. Оқиға орнында 58 жастағы жүргізуші мен 1960 жылғы ер адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілп жатыр. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары