$ 494.87  520.65  4.91

«Біз неге бай емеспіз»: Депозитке ақша жинап жүрген 5 жасар баланың әрекеті көпшілікті сүйсіндірді (ВИДЕО)

“Әпшу” кесіп, алғашқы 300 мың теңгені депозитке салғалы жатырмыз.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде сүндетке отырғызылған 5 жастағы Бақдәулеттің видеосы қазақстандықтарды сүйсіндірді. Онда ол көрімдік ретінде жиналған ақшаға ойыншық сатып алудың орнына оны депозитке жинайтынын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтырды ақылымен сүйсіндерген Бақдәулет видеосында көрімдікке берілген 300 мың теңгені қайда жұмсайтынын айтады. Оның бұл әрекетінен ақшаны басқара алатынын байқауға болады. 

"Достар, мынау – менің сүндеттелгеннен кейін тапқан ақшам. “Әпшу” кесіп, алғашқы 300 мың теңгені депозитке салғалы жатырмыз. Мұны ертең мамам депозитке жинаймын деді. Бүгін бе, ертең бе білмеймін. Бұл ақшаға керемет үй аламын. Көлігімен қосып, сатып аламын. Негізінде бұл ақшаға ойыншық аламын деп ойлап жүрдім. Бірақ ойыншық алудан бас тарттым. Ойыншық керек емес, сынып қалады. Осы ақшадан біз байып кетейік. MrBeast сияқты ақшамыз көп болсын", – дейді бала видеода. 

Желі қолданушылары баланың қылығына таңданып, жылы тілектерін жарыса жазды.

"Болар бала боғынан" деп бекер айтпаған атам қазақ", "Бала бала кезінде дүниемен емес, ойыншықпен ойлауы керек. Үлкейгенде басқасына бас қатыруға үлгереді", "Болашақ миллионер", "Осы ақшаң көбейіп дегеніңе, арманыңа жет батырым. Ақылыңнан сол...", "Сол айтып жүрген жұрттың баласы", "Жастайынан қаржылай сауатты деген осы. Депозит деген тәтті тілінен. Көз тимесін", – деді оқырмандар.

Бақдәулеттің депозитке ақша жинау туралы қайдан білгенін анасы Мадина Күзембайдан сұрадық. Оның айтуынша, үлкен ұлдары оларды әрқашан жігерлендеріп, бай болуға итермелеп жүреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары