$ 494.87  520.65  4.91

«Осы жақпен құда болыңдар»: Оралдағы тойда қонақтарға ерекше сыйлық таратылды (ВИДЕО)

Той мәдениеті Оралда жаңа деңгейге көтерілді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Оралда Манарбек пен Арайлым есімді жас жұбайлардың тойында «Ер Едіге» кітабі таратылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Шығыстанушы Санжар Керімбай той мәдениеті жаңа деңгейге көтерілгенін айтты.

«Той мәдениеті Оралда жаңа деңгейге көтерілді. Жас жұбайлар тойға келген қонақтарға кітап таратты. Ол кітап «Ер Едіге» деп аталады. Жас жұбайлар тойбастарға жылтырақ қойғанша, кітап қоялық депті. Сөйтіп некеміз баянды болсын деп ырымдап, 2000 тираж кітапты өз қаржысына шығарады. Тойда таратылған кітаптар - жас жұбайлардың өздері шығарған өнім. Кешегі таныстырылымнан кейін оралдықтар ендігі Қаныштар армиясын біз тәрбиелеп өсіріп шығарамыз деп серттескен болатын. Сол сертін бүгіннен бастап сөзден іске айналдырып жатыр. Мүмкін болса, Оралмен құда болуға тырыса бересіңдер ғой. Оралға келін боп түскен біздің қыз келмей жатып, бақыттан басы айналып, талып қапты. Қала берді елдегі ең экологиялық таза қала Орал екен», - деп жазды Керімбай.

Санжар Керімбай Алматының түтініне тұншығып әзер жүрген қалыңдық Оралдың таза ауасын жұтып, бақытты болғаны сонша ата-енесіне көрінген жерде сәлем сала беретінін жазған.

«Басы бос қыздар, Оралдың жігіттері қармаққа ілініп қап жатса, тырп еткізбей тезірек той күнін белгілеп тастаңдар. Уыстан шығып кетсе өздеріңе қиын боп қалады», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 44
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары