$ 494.87  520.65  4.91

Кімдер шетелге шықса жазалануы мүмкін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті құпия ақпараттың техникалық қорғалу саласындағы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту, құпиялық режимін жүйелі түрде бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастырып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бұрын мемлекеттік құпия құжаттармен етене таныс адамдар шетелге рұқсатсыз шыққан жағдайда жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңға осындай толықтыру енгізгелі жатыр. Бұл туралы құжат комитет сайтында жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыған байланысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 504-бабына өзгеріс енгізу ұсынылған. Бұл туралы комитеттің Мәжіліс депутаттарының сұрауына берген жауабында айтылған.

504-баптың екінші бөлігінде мемлекеттік құпиялармен немесе олардың тасымалдаушыларымен жұмыс істеуге рұқсаты бар тұлғалардың құпиялық режимін бұзғаны үшін ол әрекеті қылмысқа жатпаса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Дегенмен, комитет сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, бұл бап тек мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге қазіргі рұқсаты бар адамдарға қатысты қолданылады. Ал бұрын қол жеткізген адамдарға қатысты қолданылмайды. Сондықтан осы тұлғаларды шетелге рұқсатсыз шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін емес еді. ҰҚК ұсынған түзетулер осы құқықтық олқылықты жоюға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті құпия ақпараттың техникалық қорғалу саласындағы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту, құпиялық режимін жүйелі түрде бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастырып жатыр.

Комитет «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 504-бабында жекелеген бөліктер ретінде іске асырып, салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтуды орынды деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары