Харристің 226 дауысы бар. Оның жеңісін Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон да жариялады.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге оралды. Оған берілген дауыстар саны басты қарсыласы Камала Харристен басым түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сайлау қорытындысы бойынша, Д. Трамп жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушының дауысынан асып түсіп, 277 дауыс жинады, - деп хабарлайды Fox News.
Аталмыш телеарнаның мәліметінше, Харристің 226 дауысы бар. Оның жеңісін Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон да жариялады.
AP агенттігінің дерегінше, құбылмалы штаттардағы жағдай төмендегідей:
Дональд Трамп дауыстарды санау барысында барлық жеті құбылмалы штатта алда келеді.
- Мичиган: Трамп – 52,3%, Харрис – 46% (дауыстардың 59%-ы есептелгеннен кейін);
- Висконсин: Трамп – 51,4%, Харрис – 47,2% (дауыстардың 86%-ы есептелгеннен кейін);
- Пенсильвания: Трамп – 51,3%, Харрис – 47,8% (дауыстардың 90%-ы есептелгеннен кейін);
- Солтүстік Каролина: Трамп – 51%, Харрис – 47,8% (дауыстардың 98%-ы есептелгеннен кейін);
- Невада: Трамп – 50,9%, Харрис – 47,5% (дауыстардың 75%-ы есептелгеннен кейін);
- Джорджия: Трамп – 50,9%, Харрис – 48,4% (дауыстардың 94%-ы есептелгеннен кейін);
- Аризона: Трамп – 49,9%, Харрис – 49,2% (дауыстардың 51%-ы есептелгеннен кейін).