$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан азаматы TikTok-тағы тікелей эфирі үшін сотталды

Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкенттік тұрғын Tiktok желісінде тікелей эфирде ислам дініне қарсы діни алауыздықты қоздыратын сөздер айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі “Діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау” бойынша айып тағылған.

“К тәңіршілдікті ұстана тұра, бір жылға жуырда TikTok әлеуметтік желісінде "стрим" тікелей хабарларын өткізіп, діни алауыздықты қоздыру мақсатында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын жария жасаған. Сотталушының кінәсі жинақталған құжаттармен дәлелденді”, – делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындады.

Жаза тағайындау барысында сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай шын өкінгенін ескерді, ауырлататын мән-жай анықталмады.

К кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары