$ 494.87  520.65  4.91

«Сен үшін бәрін жасаймыз»: Төреғали Төреәлінің қарындасы бір жасар қызына пәтер сыйлады

Дархан екеуміздің атымыздан Даратайымызға Астана қаласынан үй сыйладық. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі қызының бір жасқа толуын атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы қызына арнап, әсерлі жазба жариялады. 

“1 жыл бұрын.. жарқ етіп дүниеге сен келдің, қызым! Сене алар емеспін, зуылдап жатқан уақыт. Аллаһымның бізге берген ең үлкен бақыты, біз ұзақ күткен бақыт! Бір жыл бұрын, дәл осы күні сағат 13:05-де дүниеге Алла қалауымен өмірге алып келдім. Сол күндердің бәрін еске алып көңілім босап отыр. Дархан екеуміздің атымыздан Даратайымызға Астана қаласынан пәтер сыйладық. Осы бастан болашағын ойлап, инвестиция жасауды қолға алдық. Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз”, – деп жазды блогер. 

Сондай-ақ, желі жұлдызы махаббатың бәрі балада екенін еске салды. бақыттылардың қатарына қосқан қызына алғыс айтты. 

“Қызым, осындай махаббат барын мен тіпті білмеппін. Аналық сезімдерді сезіндірген, жүрекке ыстық лаулаған махаббатты салып қойған, сені бізге нәсіп еткен Раббымызға сансыз мадақтар. Ең бақыттылардың қатарында болуыңды, тағдырың ең көркем түрде болуын, амандығыңды әрқашан тілеп отырамыз. Бақыт деген – сен. Махаббат деген – сен. Қуаныш деген – сен. Бір жасың, құтты болсын жарығым!”, – деді желі жұлдызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары