Ескерткіш қатты желдің салдарынан құлаған.
Павлодарда дауылдан құлаған шырша қаладағы скверлердің біріндегі Ленин ескерткішін бұзып әкетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жағдай 8 қарашаға қараған түні болған. Қатты жел ағашты құлатқан, ал ол Ленин ескерткішіне түскен.
"Дауыл салдарынан Ленин ескерткішіне ағаш құлады. Тұғырынан құлаған мүсін бөлініп қалды, қалпына келтіруге келмейді", - деп түсіндірді Павлодар әкімдігі өкілі.
Павлодардағы Ленинге арналған бұл ескерткіш 1928 жылы шілдеде ашылды. Сквер Астана - Толстой көшелері қиылысында орналасқан, қаладағы ең көне көшелердің бірі саналады. Тұғыр мен мүсін соңғы рет 2022 жылы күзде павлодарлықтардың ақшасына жөнделді.