$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлттық киімді қорлады»: Той ортасына қойға шапан жауып шыққандар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Шапанның да қадірін кетіріп жатыр..

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде той кезіндегі келеңсіз жағдайдың видеосы тарап, ел ашуын тудырды. Желі қолданушылары ұлттық киімнің қадірін кетіріп, ерсі әрекетке жол бергендерді сынап тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшіліктің қызу талқысын тудырған видео Instagram желісінде пайда болған. Бейнежазбада асабаның той ортасына үстіне шапан жабылған қойды алып шыққанын көруге болады.

Бұл жайтқа куә болған кеш қонақтары күліп, шапалақ ұрған. Алайда бұл жағдай желідегі қолданушыларының көңілінен мүлдем шықпаған. Керісінше, оқырмандар мұндай әрекетке жол бергендерді қатты сынап тастады. Олар бұл жайтты надандыққа теңеп, видеодағыларды ұлттық киімнің қадірін кетірді деп сөкті.

"Асаба жаңалық аштым деп мәз шығар. Бірақ бұл жаңалық емес, нағыз надандық", "Сөз жоқ, қайда кетіп барамыз?", "Шапанның да қадірін кетіріп жатыр", "Ұлттық киіміміз қор болды", "Асабалардың жеткен жері, халқымыздың деңгейі осы", "Ұлттық киімді қорлады. Ұят жағдай", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетерлігі, аталмыш видеоның қай уақытта және нақты қай жерде түсірілгені белгісіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары