11.11.2024, 15:20

Атырауда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен

Фото: Pixabay

12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.

Атырауда 12 жастағы оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Қайғылы оқиға 9 қарашаға қараған түні болған, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жасөспірім қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.

12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.