Криминалды полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарасай ауданының Жібек ауылында тұратын 51 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Ол 2 қарашада үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы облысының полициясы 9 қарашада Алмалы бақ ауылының маңынан ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Жедел-іздестіру шараларының барысында 9 қарашада Криминалды полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», - деді ведомство.
Алдын-ала дерек бойынша марқұм ломбардта бағалаушы болып жұмыс істеген.