11.11.2024, 17:00

«Қазхром» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Фото: Pixabay

Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен, бірақ өкінішке қарай оны құтқару мүмкін болмады.

Ақтөбе облысында «Қазхром» ТҰК» АҚ Дон тау-кен байыту комбинаты филиалында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«4 қарашада Дон тау-кен байыту комбинаты («Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы) монтаждау жұмыстарын орындау кезінде мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлады. Компания зардап шеккен адамға кәсіби медициналық көмек көрсетуге барынша күш салды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен, бірақ өкінішке қарай оны құтқару мүмкін болмады», – делінген кәсіпорынның хабарламасында.

Оқиға туралы тиісті органдарға хабарланды, тергеу жүргізілуде.

Еске салсақ, 30 қазанда «Қазхром» карьерінде екі жұмысшы жазатайым оқиғадан қаза тапқан.