14.11.2024, 04:30

«Құрбандық күтіп отырсыңдар ма?»: Блогер биліктен бұрынғы «уақытты» қайтаруды талап етті (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

Ауылды жерде жарығы жоқ көшелердің иттері талап кетсе ше?! Қаланың қаңғыған қаскөйі қастандық қылса ше?! Ал ата-анасы қалай күтіп алады өзінің қараңғыға емес сағатқа қарайтын жұмысы болса?!

Белгілі блогер, журналист Мөлдір Анарбаева уақытты ауыстырған шенеуніктерді қатаң сынға алып, бұрынғы уақытты қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кім не ұтып отыр?! Осы жерде қандай ұтымды саясат бар?! Қыста не боламыз?! 19:15 те мектептен шығатын баланы кім ойлайды?! Жаяу келетін балалар бар, келе сала сабақ оқытпай жатқызамыз ба?! Ауылды жерде жарығы жоқ көшелердің иттері талап кетсе ше?! Қаланың қаңғыған қаскөйі қастандық қылса ше?!

Ал ата-анасы қалай күтіп алады өзінің қараңғыға емес сағатқа қарайтын жұмысы болса?!

Ойын баласының жалпы жастығын неге ұрлайсыңдар?! Иесі жұмыста жүргенде жетіп келетін малдың жайы ше?! Түстен кейін үйде жағатын жарық ше?! Тиын санап отырған отбасыларды ойлап көрдіңдер ме?! Сағатты қалпына келтіру үшін құрбандық күтіп отырсыңдар ма?!

Мектептің күйін күйіттейтін білім министірінің түрі анау. Келгелі көзге көрінер бір тірлігі жоқ.

«Сен тимесең мен тиме бадырақ көз». Сағаттың ыңғайсыздығы жайлы сұраса «мыңқиып» «Өлсеңдер де өкіметпін» дегендей бір мардымды жауап айта алмады. «Шығысты 40 минуттан қыламыз, балалар демалыста оқиды» деп тұр. Неге балалар жазда оқуы керек?! Сенің бес минутың кешті күндіз қыла ма?!

Еркекке елдің сөзі өтпесе өйтіп министр болудың не керегі бар?! Көкірегің жарылса да шындықты айтып шырылдасаң қайтеді, ең болмаса?! Саған қарағанда айдаладағы Аймағамбетов сөйледі. Басқа министрлерге сағаттың совсем керегі жоқ! Баласын күтіп алатын адамы бар, жұмыста жүре береді, жарықтың көп қосылатыны оларға әңгіме де емес ау… Сағатты орнына апарыңдар!», — деп налыды блогер.